Петропавлда COVID-19 жұқтырған науқас туралы ақпарат жарияланды

0
593

Ол Омбы қаласынан үйіне пойызбен келген. Үйде тек анасымен бірге болды. Оның тапсырған сынамасы тағы да тексеріледі.


ERNUR.KZ. 27 жастағы Петропавл тұрғынының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Ол Омбы қаласынан келген, деп жазады sputniknews.kz.

Ол науқастың Ресейде оқитынын айтты.

"23 наурыз күні кешке транзиттік пойызбен келген. Онымен байланыста болған адамдар анықталып, карантинге жатқызылды. Науқас вокзалдан үйге барып, ешқайда шықпаған. Үйінде анасымен ғана болды. Келесі күні, 24 наурызда дене қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақырды. Ресейдегі эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, жедел жәрдем бригадасы тиісті қорғаныс киімімен барды", - деді Сұлтанғазиев.

Облыстық денсаулық басқармасының басшысы қосымша сынама Алматыдағы зертханаға жіберілгенін айтты. Нақты қорытынды тұрғындарға хабарланады.

Пациентте жөтел жоқ, тыныс алуы қиындамағанын жеткізді.

Қызбен араласқан 13 адам анықталды. Олар COVID-19 жұқтырмаған. Қалғандары үй карантинінде.

Сондай-ақ, пәтер мен кіреберіс "Диадез" құралымен залалсыздандырылды.