Петропавлда еліміздегі алғашқы "AgroKomek" сервистік орталығы ашылды

0
768

Орталық кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз етеді.


Петропавлда еліміздегі алғашқы

ERNUR.KZ. Бұл жерде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 40-тан астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның жұмысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев танысып, мамандармен тілдесті. Орталықта сонымен қатар басқарма басшылары қабылдайтын бөлек бөлме бар. Бұл кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Келлеровка ауылында ашылған «Ашық әкімдік» фронт – кеңсесінде де болды. Бұл окруте 2 мыңнан астам адам тұрады. Енді олар аудан орталығына сабылмай, қажетті қызметті бір жерден ала алады. Тұрғындардың мәселелері бойынша да жеке қабылдау ұйымдастырылған.