Петропавлда кәсіпкерге оқ атқан: Күдіктілер ұсталды

0
658

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлаған.


Петропавлда кәсіпкерге оқ атқан: Күдіктілер ұсталды

ERNUR.KZ. Полиция Петропавлда кәсіпкерге қарулы шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен екі жігітті анықтап, ұстады, деп жазады Тengrinews.kz.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, осы қылмысқа күдікті ретінде Қызылжар ауданының 1997 жылғы тұрғыны мен Петропавл қаласының 1990 жылғы тұрғыны өтіп жатыр екен. Оларды қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы тағайындалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша жүріп жатыр.

"Қазіргі уақытта болған жағдайдың нақтыланға дәйектері іздестіріліп, осы қылмысқа барғандардың қаншалықты кінәлілік деңгейі анықталатын болады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы тергеу амалдарын полиция департаменті, қалалық және облыстық прокуратура ерекше бақылауға алды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, оқиға 26 тамызда таңғы 04:00 шамасында Жұмабаев көшесінің бойындағы үйдің ауласында болған. Оқ тиген ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді. 27 тамызда дәрігерлер оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалаған.