Петропавлда құтқарушылар өртеніп жатқан үйден 9 жасар қызды алып шықты (ВИДЕО)

0
962

37 адам эвакуацияланған. Олардың 8-і балалар.


Петропавлда құтқарушылар өртеніп жатқан үйден 9 жасар қызды алып шықты (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Петропавлда 9 қабатты үйден өрт шықты, деп жазады sn.kz.

Баян көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққаны жайлы хабар төтеншеліктерге 7 сәуір күні сағат 15:34-те түскен.

«Қызыл жалын жоғарғы қабаттың балконынан шыққан. Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метр. 2010 жылғы қыз бала құтқарылды. 37 адам эвакуацияланды. Олардың 8-і балалар. Өрт сағат 16:11-де толық өшірілді», - деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өрт сөндіруге 19 өрт сөндіруші мен, 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.