Петропавлда өзен тасып, 2 мыңнан астам саяжай су астында қалды

0
958

​Есіл өзенінің тасуы салдарынан Заречный кентінде, Кожзавод, Хромзавод, Мичурино және Рехпортта орналасқан саяжайлар зақымданды.


Петропавлда өзен тасып, 2 мыңнан астам саяжай су астында қалды

ERNUR.KZ. Петропавлда Есіл өзенінің алқабында орналасқан 2 мыңнан астам саяжай су астында қалды, деп жазады sputniknews.kz.

"Қазіргі уақытта Есіл өзенінің алқабында, қаланың шетінде орналасқан 2 мың 311 саяжай телімін су басты. Бұл – Заречный кентінде, Кожзавод, Хромзавод, Мичурино және Рехпортта орналасқан саяжайлар", - деген Камалов Петропавлда су деңгейі ең жоғарғы шекке 20-21 сәуір аралығында көтерілетінін атап өтті.

Қазіргі уақытта Есіл өзені бойындағы су деңгейінің көтерілу шыңы Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылының маңында тіркелді, су өзен алқабына шықты. Бәйтерек ауылынан Петропавл су қоймасына дейін өзен бойымен арақашықтық 20 км құрайды. Петропавл су қоймасы қазір 114,8% толтырылды. Тасқын басталғаннан бері Петропавл су торабында су деңгейі 221 сантиметрге көтеріліп, 908 сантиметр болды.

"Сонымен бірге, Петропавл су торабы маңында М-51 Челябинск – Новосібір республикалық маңызы бар автожолының учаскесінде (528-529 км) екі рет су тасқыны болды. Көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылды, ескерту белгілері қойылды", - деді Камалов.

Сонымен қатар, Петропавлға жақын жерде Заречное кентінің Рыбопитомник аумағында Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан жергілікті маңыздағы тас жолды су басып кетті. Су тасқынының ұзындығы – 125 метр, тереңдігі 10 см. Көлік өте алады, ескерту жол белгілері қойылған.

Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді су басу қаупі байқалып отырған жоқ.