Петропавлда жарылған су құбыры жөнделді

0
577

12 желтоқсан күні сағат 1.00 шамасында Петропавлдағы 314-атқыштар дивизиясы көшесінде суық су құбыры жарылып, қалада су қысымы төмендеген еді.


Петропавлда жарылған су құбыры жөнделді

ERNUR.KZ. Петропавлда жарылған су құбырын мамандар қалпына келтірді. Апаттың салдарынан облыс орталығындағы екі аудан тұрғындары тәулік бойы сусыз отырды, деп жазады inbusiness.kz.

Апат орнында құбырды қалпына келтіру жұмысының аяқталғаны жөнінде Петропавл әкімі Руслан Аңбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Жөндеу жұмыстары аяқталды. Кейін үйлерге су беріледі. Осы ретте "Қызылжар су" ЖШС-і мен жұмысқа жұмылдырлыған барлық коммуналдық қызметтерге алғысымды білдіргім келеді. Құрметті қала тұрғындары! Уақытша туындаған ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймын", - деп жазды Руслан Аңбаев.

Естеріңізге салсақ, 12 желтоқсан күні сағат 1.00 шамасында Петропавлдағы 314-атқыштар дивизиясы көшесінде суық су құбыры жарылып, қалада су қысымы төмендеген еді. Кейін басқа аудандарда сумен қамту қалыпқа келгенімен Береке шағын ауданы мен Жұмысшы кенті тәулікке жуық сусыз отырды. Жайылған су темір жолды басып, екі пәтерлі 10 үйдің ауласына және кәсіпорынның аумағына кірген болатын.

"Қызылжар Су" ЖШС-нің атқарушы директоры Арман Сауытов мердігер фирманың жойылуына байланысты барлық шығынды өз мойындарына алатындарын айтты.