Петропавлда ЖЭО-2 директоры мен бас инженері ұсталды

0
517

ЖЭО-2-дегі оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қызметкерлері қылмыстық істі Қазақстан ҚК-нің 254 бабы бойынша тергеуге кірісті.


Петропавлда ЖЭО-2 директоры мен бас инженері ұсталды

ERNUR.KZ Петропавлда "ЖЭО-2" ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазады Tengrinews.kz

Бұл туралы СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

ЖЭО-2-дегі оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қызметкерлері қылмыстық істі Қазақстан ҚК-нің 254 бабы бойынша тергеуге кірісті.

"Облыс прокуроры мен СҚО полиция департаментінің бастығы тергеу барысын бақылауға алды. Сонымен қатар, облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізіп жатыр, нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беріледі", - деп толықтырды СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі өкілі.