Петропавлда жылу трассасы жарылды: 16 көпқабатты және 42 жеке үй жылусыз қалды

0
420

Әлеуметтік желіде 20-шы ықшам ауданды басып қалған бу бейнеленген видео тарады.


Петропавлда жылу трассасы жарылды: 16 көпқабатты және 42 жеке үй жылусыз қалды

ERNUR.KZ. Петропавлда тағы да коммуналдық апат болды – жылу трассасы жарылып, 16 көпқабатты үй, сондай-ақ 42 жеке үй жылусыз қалды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде 20-шы ықшам ауданды басып қалған бу бейнеленген видео тарады.
"4 желтоқсанда сағат 10.00-де "Петропавл жылу желілері" ЖШС №15 жылу магистраліндегі технологиялық апатты жоюға кірісті. Бу жылу тасымалдағышты құрғату кезінде пайда болды. Жылу желілері мекемесінің бригадасы жедел жұмыс істеп жатыр, нысандарға жылу қосуда қиындықтар болмайды", - деп сендірді "Севказэнерго" АҚ баспасөз қызметі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің баспасөз қызметі Жуков 1, 3, 5, 5в, 26, 42, Ж.Кизатов 5п, 5р, 5н, Жеңіс 4б, 2-ші Заречная 51, 51а, 54, 56, 58, 1-ші Заречная 97 мекенжайы бойынша жылу уақытша өшірілгенін хабарлады.
"Мамандар дренаждық жүйенің төсемдерін ауыстырып жатыр. Жұмыстар болжам бойынша 16 сағатта аяқталады", - деп мәлімдеді ТКШ бөліміндегілер.
Айта кету керек, екі күн бұрын "Севказэнерго" АҚ қысқы аяз Петропавл ЖЭО-2 жұмысына әсер етпейді деп сендірген.
"Станция жеті қазандық бойынша жұмыс істейді, екі қазандық резервте тұр, сыртқы температураның одан әрі төмендеуіне қарай оларды да іске қосады. Бұл қаланың жылумен қамтамасыз ету қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. Бүгінгі таңда мамандар екі қазандықта жөндеу жұмыстарын аяқтауы керек. Осылайша, желтоқсан айында Петропавл ЖЭО-2 он жұмыс істейтін қазандықпен қамтамасыз етіледі. Бұл станцияның жылу мен электр энергиясын өндіру бойынша нормативті жүктемені көтеруіне мүмкіндік береді", - деп сендірді кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, қыстың төрт күнінде бұл қалада тіркелген екінші ірі коммуналдық апат. 1 желтоқсанда Жұмабаев пен Сәбит Мұқанов көшелерінің қиылысындағы диаметрі 800 миллиметрлік су өткізгіште апат болды. Сапасыз жүргізілген құрылысқа байланысты түйісу орнында құбыр жарылған. 15 көпқабатты үй, облыстық балалар ауруханасы мен наубайхана сусыз қалды. Оның үстіне 9 көпқабатты үй мен зауыт бір тәуліктен астам сусыз қалды.