Петропавлдағы жылу орталығында тағы да апат болды

0
657

Петропавлдағы № 2 жылу-электр орталығында 26 наурыз күні сағат 21.30 шамасында апат болды.


Петропавлдағы жылу орталығында тағы да апат болды

ERNUR.KZ. Петропавлдағы № 2 жылу-электр орталығында кезекті рет апат болып, бірнеше қазандық істен шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Петропавлдағы № 2 жылу-электр орталығында 26 наурыз күні сағат 21.30 шамасында апат болды. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, қазіргі уақытта орталықта екі қазандық агрегаты мен 2 турбина ғана жұмыс істеп тұр.

«СевКазЭнерго» АҚ баспасөз қызметі бұл мәліметті растады. Баспасөз хатшысы Лилия Шеринаның айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Толық ақпарат сәл кейінірек беріледі.

Естеріңізге салайық, 20 наурыз күні жылу-электр орталығының түтін мұржасы жартылай опырылып құлап, салдарынан жұмысшы әйел мерт болды. Ал Петропавл тұрғындары пәтерлерінің суып кеткеніне шағымданған еді.