Петропавлдық белсенділер балабақшалардағы қазақ топтарының жабылуына қарсы шықты

0
720

Облыс аумағында 494 мектепке дейінгі мекеме болса, соның небәрі 199-ы қазақ немесе аралас тілдерде білім береді.


Петропавлдық белсенділер балабақшалардағы қазақ топтарының жабылуына қарсы шықты

ERNUR.KZ. Петропавлда белсенді азаматтар мемлекеттік балабақшалардағы қазақ топтарының жабылуына қарсы шықты, деп жазады Stan.kz.

Өйткені сенімгердік басқаруға алған кәсіпкерлердің бірі қазақ тобын жапқан дейді. Мектеп пен тіл мәселесін де көтерген ақсақалдар алқасы мен қоғам белсенділері бүгін «Нұр Отанға» жиналды.

Ақсақалдар алқасының мүшелері, қоғам белсенділері қазақ мектептерінің аздығына, мемлекеттік балабақшадағы қазақ тобының жабылуына қарсы. Мәселен, Петропавлдағы "Игрушка" балабақшасы жеке кәсіпкердің басқаруына беріліп, мекеме басшылығы ондағы қазақ тобын жауып тастапты.

"Қазақ тіліне сұраныс жоқ деп жаба берсе, не болады? Бұл бастамасы ғана", - деді қала тұрғыны Кұлшөт Ізтілеуова.

Ал, білім басқармасындағылар топтың жабылып қалғанын білмегенін айтып ақталды.

"Орталықта қазір Шәймерденов мектебі ғана қалды. Қалғандары шетте. Орталықтағылар балаларын қайда береді?", - деді ақсақалдар алқасының төрағасы Болат Сағындықов.

Айта кетейік, облыс аумағында 494 мектепке дейінгі мекеме болса, соның небәрі 199-ы қазақ немесе аралас тілдерде білім береді.