​Петропавлдық оқушылар 7 тоннадай макулатура жинаған

0
1 187

Тәрбиеленушілер айналасы бір айдың ішінде 7 тоннадай макулатура жинаған.


​Петропавлдық оқушылар 7 тоннадай макулатура жинаған

ERNUR.KZ. Бір центнер қағаз қалдығын қайта өңдесе, бір ағашты аман сақтап қалуға болады, деп жазады 24.kz.

Петропавлда жасыл желекті қорғауға арналған «Қалдықсыз планета» атты экологиялық акция өтті. Оған қаладағы үш мектептің оқушылары қатысты. Яғни балалар қағаз қалдықтарын жинап тапсырды. Ол үшін білім ошақтарына арнайы жәшік қойылған. Сөйтіп оқу орындарының белсенділігі бойынша №10 мектеп көш бастады. Тәрбиеленушілер айналасы бір айдың ішінде 7 тоннадай макулатура жинаған. Қайта өңдеу кәсіпорнына тапсырылған қалдықтан түскен қаржы енді мектептің материалдық базасын нығайтуға жұмсалады.
Владислав Орлов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:
- Бір ғана мектептің оқушылары 7 тоннаға жуық қағаз қалдығын жинады. Рекодтық көрсеткіш. Осылайша балалар шамамен 100-ден астам ағашты сақтап қалды. Мұнымен қоса балғындар атмосфераға 12 келідей зиянды қалдықтардың тарауына жол бермеді. Ал бұл қоқыстар Алматы қаласына қайта өңдеуге жөнелтіледі.