Пиротехниканың кесірінен екі үйдің балконы отқа оранды

0
1 033

Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.


Пиротехниканың кесірінен екі үйдің балконы отқа оранды

ERNUR.KZ. Өңірде пиротехника өнімдерін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан екі пәтердің балконынан өрт шықты, деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қаңтар күні Павлодар қаласында Геринг көшесі, 13 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде балконның екі шаршы метрін қызыл жалын шарпыған.

"Бесінші подъезде, үшінші қабаттағы пәтердің балконында тұрған ескі заттар мен жиһаздар жанды", - дейді ведомствода.

Кезекші пультіне өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 00.23-те түсті, сағат 00.51-де толығымен сөндірілді. Оқиға орнында № 2 және № 34 өрт сөндіру бөлімінен жеті адам мен екі техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Бұдан басқа, Екібастұз қаласында Украинская көшесі, 97 мекенжайы бойынша балконда тұрған заттар өртенген. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жауды тұрғындар өздігінен сөндірген. Алдын ала болжам бойынша, екі жағдайда да өрттің шығуына пиротехника өнімдері себеп болған.

Еске сала кетейік, облыс орталығында Ледовский көшесінде 10 қабатты тұрғын үйде болған өрттен 75 адам сыртқа шығарылған. Өрт салдарынан ысты газбен уланған 66 жастағы зейнеткер мен жеті жасар қыз бала көз жұмған.