Пневмония: Бір күнде 166 адам ауруға шалдығып, екі адам қайтыс болды

0
631

1 тамыздан бергі статистика бойынша 35559 адам ауырған.


Пневмония: Бір күнде 166 адам ауруға шалдығып, екі адам қайтыс болды

2020 жылғы 16 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 166 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 58 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар - 35559, 376 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28118 жетті.