Пневмониямен ауырған дәрігерлерге де өтемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатыр

0
525

"Коронавирусқа ұқсайтын пневмония" аурудың бөлек категориясы ретінде қарастырылады.


Пневмониямен ауырған дәрігерлерге де өтемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатыр

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі кәсіби міндетін атқарып жүріп пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп жазады zakon.kz.


- Негізінен, жұмыс орнында COVID-19 ауруына шалдыққан медициналық қызметкерлерге және жұмыс орнында коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандарға ғана өтемақы төлейміз. Бізде басқа стандарттар жоқ. Бірақ пневмония өтемақысы туралы мәселені бұл осы екі аурудың статистикасы біріктірілген кезде қарастырамыз. Қазір ондай құқықтық акті жоқ. Бірақ біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз, статистика біріктірілген кезде бізде нақты код болады. Қазір біз бұл тәсілді қарастырып жатырмыз, - деді Цой.

Оның айтуынша, 1 тамыздан бастап "коронавирусқа ұқсайтын" пневмония ауруы жеке категориясы ретінде кодталған кезде оны құжаттарға қосуға болады. Бұл дәрігерлердің төлем алуға мүмкіндігі болады деген сөз.

- Қазір біз бұл тәсілдерді қарастырып жатырмыз, егер олар (пневмония және КВИ) ортақ бағанға біріктірілетін болса, қазіргі уақытта ол қолданыстағы нормативтік құқықтық актіні өзгертуді қажет етеді. Біз бұл мәселені әріптестерімізбен талқылап жатырмыз, - деп түсіндірді ол.