​Пойыз апаты: Зардап шеккен жолаушыларға сақтандыру компаниясы өтемақы төлейді

0
1 399

Сіз келісімшарт шарттарында көрсетілген сақтандыру төлемдерін алу үшін компанияға жүгінуге құқылысыз.


​Пойыз апаты: Зардап шеккен жолаушыларға сақтандыру компаниясы өтемақы төлейді

Жамбыл облысы аумағында апатқа ұшыраған пойыздың зардап шеккен жолаушыларына өтемақы төленеді, деп мәлімдеді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. Бұл туралы inform.kz сайтына сілтеме жасап ERNUR.KZ хабарлайды.

Таратылған мәліметке сәйкес, 2017 жылдың қазан айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ арасында жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы келісімшарт жасалған. Жоғары аталған келісімшарттың шартына сәйкес компания сақтандыру жағдайы туындаған кезде жолаушыларға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

«2018 жылдың 17 маусымында Сарышаған-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік өткелінде «Астана НЖ-Алматы-1» бағытында қатынайтын №9 жолаушылар пойызының 8 вагоны жолдан шығып кетті. Қазіргі уақытта қоғам сақтандыру компаниясына сәйкесінше ақпаратты жіберу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты егер Сіздің денсаулығыңызға немесе мүлкіңізге залал келген болса, онда Сіз келісімшарт шарттарында көрсетілген сақтандыру төлемдерін алу үшін компанияға жүгінуге құқылысыз. Сақтандыру төлемін алу үшін сіз «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына жүгінуіңіз қажет. Филиалдарының мекенжайы мен өзге де байланыстарды компанияның https://nsk.kz ресми сайтынан біле аласыздар», - делінген компания ақпаратында.