​Пойызда жолаушы қайтыс болды

0
1 838

Қаза тапқан жолаушы – Павлодар қаласының тұрғыны.


​Пойызда жолаушы қайтыс болды

ERNUR.KZ. Астана-Павлодар бағытына қатынайтын пойызда жолаушы қайтыс болды, деп жазады 24.kz.

«Біз отбасымызбен көрші вагонда болғанбыз. Павлодарға дейін жиырма минуттық жер қалған, кенеттен пойыздың қызметкерлері дыбыстық хабарлама жіберіп, арамызда дәрігер болса көрші вагонға өтуін сұрады. Содан кейін ол вагонға бір әйелдің беттегенін көрдім. Қызметкерлер жүгіріп кетті. Біреудің жағдайының қиындағаны түсінікті болды. Пойыздан шыққан соң жедел жәрдем көлігі мен дәрігерлерді көрдік, сөйтсек, бір жолаушы қайтыс болыпты», – деді куәгерлердің бірі.

Жолаушының қаза болғандығы жайлы ақпаратты Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.

Қаза тапқан жолаушы – Павлодар қаласының тұрғыны.