Полицей Александр Винокуровтың есімін жалған іс үшін пайдаланған

0
1 341

Белгілі шабандоздың анкеталық мәліметтері есірткі бизнесінде пайдаланылған


Полицей Александр Винокуровтың есімін жалған іс үшін пайдаланған

ERNUR.KZ. Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарма қызметкері дәлелдерді фальсификациялау үшін велошабандоз Александр Винокуровтың анкеталық мәліметтерін пайдаланған. Бұл туралы СҚО прокуратурасының өкілдері мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Прокурорлар есірткі сақтау және сату бойынша 35 жалған істі әшкерелеген.

"Арнайы прокурор есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқармасының қызметкеріне қатысты 13 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде қайтыс болған адамдардың есімі, ойдан құрастырылған есімдер және бір істе велошабандоз Винокуровтың мәліметтерін тіркеген. Құзырлы органның актісімен облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі басқарманың жеке құрамы мен басшылығы жұмыстан босатылды", - делінген құзырлы ведомствоның хабарламасында.