Полицейлер мен әскерилер салық борышкерлері арасында көш бастады

0
1 299

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы салық бойынша борышкерлердің рейтингі шықты.


Полицейлер мен әскерилер салық борышкерлері арасында көш бастады

ERNUR.KZ. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті меншік салығын төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуына талдау жүргізді, деп жазады Zakon.kz.

Жеке меншікке салынатын салықтар бойынша борышкерлер тізімінде мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметшілер бар. Олардың саны 635 жеке тұлғаны құрады.

Меншікке салық төлеу бойынша ең орындамайтындар - полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер болып шықты.

Алматы қаласының мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметшілердің тұрғылықты мекенжайы және жұмыс орны бойынша пайда болған берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабарлама жіберді.

Тізімдер 2018 жылғы кезең үшін жеке табыс салығы бойынша ұсынылған декларациялар бойынша (230.00 салық есептілігі нысаны) деректерге сәйкес және ОБЖШ (орталықтандырылған біріздендірілген жеке шоттар) ақпараттық жүйеге сәйкес 17.10.2019 жылға қалыптасқан бересі сомасына сәйкес қалыптастырылған.

Мәселен, меншік салығы бойынша бересіні талдау барысында статистика былайша көрінеді:

· ішкі істер органдарының қызметкерлері – 289 жеке тұлғатөленбеген салықтардың жалпы сомасы 5,9 млн.теңге;

· әскери бөлімдердің қызметшілері – 218 жеке тұлға, берешек сомасы 3 млн. теңге;

· қаржы құрылымының қызметкерлері (банктер) – 67 жеке тұлға, сомасы - 1,6 млн. теңге.

Сондай-ақ, борышкерлер тізімінде басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері де бар, барлығы 61 жеке тұлға, 925 847 теңге берешек сомасымен, оның ішінде әкімдіктер – 35 жеке тұлаға 630 389 теңге сомасымен.

Сонымен қатар, меншік салығын төлеу мерзімі 01 қазан күні аяқталғанын еске саламыз. Жеке тұлғалардың көлік құралдарына 2019 ж. салынатын салық 31 желтоқсанға дейін төленуі керек. Салық уақтылы төленбеген жағдайда қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Сонымен қатар, Қазақстанда 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап салықтар бойынша өсімпұлдарды есептен шығару бойынша жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жасау туралы Заң күшіне енді, құжатқа Мемлекет басшысы 2019 жылдың 4 шілдесінде қол қойды.

Салықтық рақымшылық жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 797 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 ақпанда № 16930 болып тіркелді. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Осылайша, 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша салықтың негізгі сомасын жеке тұлға төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару жолымен жүргізілетін салықтық рақымшылық туралы салық төлеушілер мен жеке тұлғалардың назарына жеткіземіз.

Осыған байланысты, пайда болған берешекті шектеу және өзге де мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды болдырмау үшін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті оңтүстік астананың тұрғындарын мемлекет алдындағы өз салықтық міндеттемелерін уақтылы орындауға, сондай-ақ жүргізіліп жатқан салықтық талаптарды пайдалана отырып, жинақталған борыштардан босатуға шақырады.

Салық бойынша берешекті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында www.kgd.gov.kz "электрондық сервис/салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" бөлімінде тексеруге болады.

Сондай-ақ, www.egov.kz "электрондық үкімет" порталында "Салық және қаржы" бөлімінде "салық берешегін қарау және төлеу" сервисі іске асырылды.