Полицейлер өртеніп жатқан үйден екі әйел мен үш баланы алып шықты (видео)

0
2 184

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда


Полицейлер өртеніп жатқан үйден екі әйел мен үш баланы алып шықты (видео)

ERNUR.KZ. Атырау қаласының полицейлері өртеніп жатқан көп қабатты үйден үш бала мен екі әйелді құтқарып қалды, деп жазады NUR.KZ.

Өрт "Авангард-2" ықшам ауданындағы №1 үйдің бесінші қабатынан шыққан. Қызыл жалынды өздерінің қарамағындағы аймақты шолып жүрген ІІБ-ның полицейлері кіші сержант Алан Тұрланов пен кіші сержант Талғат Өтешқалиев байқаған.



Үй терезесінен шығып жатқан қара түтінді көрген полицейлер дереу "102" құтқару қызметіне хабарласып, өрт шыққан жерге барған.

"Үйдің кіре берісіне кіргенде төртінші қабаттың қалың түтінге оранғанын көрдік. Пәтер есігі ашық болды, әйелдердің дауысы естілді. Біреуі қатты дүрлігіп, үйде балалар барын айтып, эвакуациядан бас тартты", - деп мән-жайды түсіндірді Талғат Өтешқалиев.


"18 жасымда үйдің өртенгенін көргенмін, сондықтан не істеу керегін білдім. Біз үш бала мен екі әйелді далаға алып шықтық. Бір бала әлі нәресте екен" , - дейді кіші сержант Алан Тұрланов.

Атырау қаласының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 24 қазан күні жергілікті уақытпен 10.30-да түскен. Өрт 10.47-те ауыздықталып, 10.55-те толықтай өшірілген. Жапа шеккендер жоқ.