​Полицейлер саны қысқартылатын болды

0
1 606

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов облыстық ішкі істер департаментінің басшыларымен кездесті.


​Полицейлер саны қысқартылатын болды

ERNUR.KZ. «Елбасы Жолдауына орай ішкі істер органдарын реформалау» тақырыбында Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов облыстық ішкі істер департаментінің басшыларымен кездесті, деп жазады altaynews.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақжолдық» депутат, Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитеттің мүшесіның айтуынша, Жолдауда айтылған негізгі міндеттер келер жылдың басынан іске аса бастамақ. Соның бірі – құқық қорғау жүйесін реформалау, қызмет көрсетудің «сервистік» моделіне көшу.

Департамент басшылығы облыстағы ішкі істер органдарын оңтайландыруға, штат санын қысқартуға, «сервистік» модельге көшуге, полицейлердің біліктілігін арттыруға қатысты өз жоспарларымен бөлісті. Сол жоспарлардың бірі әр қалалық және аудандық бөлімшеде тұрғындарға заңнамалық кеңес беретін «Фронт-офистер» ашу болып табылады.

Кездесу соңында Берік Дүйсембинов Жолдауды іске асыру үшін Ішкі істер департаментінің ресурстары, ал басшылық құрамның біліктілігі мен тәжірибесі жететінін атап өтті.