Полицейлер толғағы қысқан әйелді босандырып алды

0
849

Ерлі - зайыптылардың көлігі бұзылып, жолда қалған.


Полицейлер толғағы қысқан әйелді босандырып алды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальондары жол бойын жүкті әйелді босандыруға көмектесті, деп жазады baq.kz.

2 тамыз күні ерлі-зайыпты Сәлімбаевтар Қордай аудандық перзентханасына жолға шыққан. Алматы-Ташкент күрежолының 183 шақырымында олардың көліктері бұзылып, жол бойында қалған.

«Көмекке келген Жамбыл облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальондары аға лейтенант Т.Сейімбетов пен полиция лейтенанты Б.Наурызбаев қызметтік көліктерімен оларды емханаға қарай жеткізбек болған. Алайда олар перзентханаға дейін жете алмады. Әйелдің толғағы қысып, полицейлердің қызметтік көлігінде ұл бала өмірге келді», - делінген хабарламада.Көп ұзамай жедел жәрдем қызметі де сол жерге жетіп, оларды емханаға жеткізген.