Полиция Ақтаудағы үш баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

0
697

Ақтауда әкесі өлтірген үш баланың анасы жағаұстатар жайтқа пікір білдірді.


Полиция Ақтаудағы үш баланың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының полиция департаменті Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның "Жусан" бағдарламасымен Сириядан келгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады tengrinews.kz.

"Учаскелік полиция инспекторының биыл наурызда балаларын өлтірген Ақтау тұрғынына қатысты мәлімдемесі тексерілген. Полицей күдікті қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі "Жусан" бағдарламасының қатысушысы болғанын және есепте тұрғанын айтқан еді. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Сондықтан қызметкермен алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда үш баласын өлтірді деген күдікпен олардың әкесі ұсталғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, Ақтауда әкесі өлтірген үш баланың анасы жағаұстатар жайтқа пікір білдірді.