Полиция ер адамды ұрлап, жүксалғышқа салып әкеткендерді ұстады

0
461

Қылмыс кеше кешке қаланың Алмалы ауданында болған.


Полиция ер адамды ұрлап, жүксалғышқа салып әкеткендерді ұстады

иллюстрациялық фото

Алматы полицейлері адам ұрлаудың жолын кесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыс кеше кешке қаланың Алмалы ауданында болған.

"ЖБО жедел кезекшісінен Chevrolet көлігіне адамды күштеп отырғызу туралы хабарлама келіп түсті. Қала бойынша арнайы "Перехват" жоспары енгізілді. Аталған көлік Гоголь мен Пушкин көшелерінің қиылысында көзге түскен. Ізіне түсу нәтижесінде көлікті екі экипаж Мақатаева мен Жетісу көшелерінің қиылысында жауып тастады. Салонда үш адам болған, олар ұсталды. Жүксалғыштан тағы бір ер адам табылды, ол аталған көліктің иесі екендігі белгілі болды. Күдіктілер жедел-тергеу тобына тапсырылды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады", - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ППП взводының командирі Мейіржан Қалкеев.




Ұсталғандардың айтуынша, Chevrolet көлігінің иесі оларды ірі көлемдегі ақшаға алдап кеткен.

Осылайша олар қарызды қайтарып алмақ болған. Ал жәбірленуші керісінше айтып, оны құтқарған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.