Полиция қызметкерін масқаралаймын деп желіге видео жүктеген қыз жауапқа тартылды

0
677

Оған ірі көлемде айыппұл салынады немесе ол қамауға алынады.


Полиция қызметкерін масқаралаймын деп желіге видео жүктеген қыз жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Алматыда полиция қызметкерін көпшілік алдында қорлағаны үшін 20 жастағы қыз жазаға тартылмақ, деп жазады zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде адамды қорлау фактісі анықталды. Instagram қолданушысы полиция қызметкерлерін заңсыз видеоға түсірген, оның үстіне балағат сөздер айтқан.

Видеода 20 жастағы К есімді автор өз достарымен бас қосып, бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын айтады.

Тойлап болғандардың бірі алкогольдік мас күйінде рульге отырады, көп ұзамай оны полиция қызметкерлері тоқтатады. Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетімен келіспеген азамат К. оларды балағаттап, телефонымен видеоға түсіріп, түсініктеме бере бастайды. Ол видеоны әлеуметтік желіге орналастырған, деп хабарлады полициядағылар.

Бұл факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 378-бабы, 1-тармағы (мемлекеттік қызметкерді қорлау) бойынша тіркеуге алынды. Бұл бап бойынша 160 АЕК көлеміне дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары қарастырылған, яғни 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға салу немесе 40 тәулікке қамауға алу түрінде.