Полторанин допинг қабылдаған жоқ, допинг қабылдауға әрекет жасады – Мұхамедиұлы

0
992

Спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев онымен байланыс ұстап отыр. Ол Полторанинмен телефон арқылы сөйлесті.


Полторанин допинг қабылдаған жоқ, допинг қабылдауға әрекет жасады – Мұхамедиұлы

ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы допинг үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз спорт және спорт қызметіне арналған заңнамаға өзгерістерді енгізу бастамасын көтердік. Оны бәрі біледі. Соның аясында допинг қабылдаған спортшыларға қатысты шараларды күшейтетін боламыз. Бұл - министрліктің негізгі ұстанымы», - деді А.Мұxамедиұлы журналистерге берген сұxбатында.

Осы орайда министр шаңғышы Алексей Полтораниннің допинг қабылдауына қатысты пікір білдірді. Оның сөзіне қарағанда, спорт комитеті онымен тікелей байланыста.

«Спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев онымен байланыс ұстап отыр. Ол Полторанинмен телефон арқылы сөйлесті. Сәрсенбі күні осы мәселеге қатысты толық ақпарат береміз. Полторанин допинг қабылдаған жоқ, допинг қабылдауға әрекет жасады. Сәрсенбі күні жиналайық, сол жерде бәрін жан-жақты талқылаймыз. Ол өз мәлімдемесін жасады. Байланысқа шықан соң, сәрсенбі күні біз бәрін айтып береміз», - деп атап көрсетті А.Мұxамедиұлы.

Айта кетейік, Австриядағы Әлем чемпионаты кезінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы, шаңғышы Алексей Полторанинді допинг қабылдағаны үшін қамауға алған болатын. Артынан ол өз кінәсін мойындағаннан кейін босатылды деген ақпарат тарады. Соңғы уақытта А.Полторанин байланысқа шықпай жүр.