Премьер-министр газ одағы жайлы: Қазақстанға ресми ұсыныс түскен жоқ

0
556

Қазір Ресеймен газбен қамтамасыз ету бойынша екіжақты келіссөз өтіп жатыр.


Премьер-министр газ одағы жайлы: Қазақстанға ресми ұсыныс түскен жоқ

ERNUR.KZ. Қазақстанға үшжақты газ одағын құру бойынша ресми ұсыныс келіп түскен жоқ. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Қазіргі таңда біз "үшжақты газ одағын" құру бойынша ресми ұсыныс алған жоқпыз. Ұсыныс түссе, сол кезде қараймыз", - деді Смайылов үкімет отырысынан кейін өткен брифингте.

Айтуынша, қазір Ресеймен газбен қамтамасыз ету бойынша екіжақты келіссөз өтіп жатыр.
"Жақын арада "Газпроммен" келіссөздердің кезекті раундын күтіп отырмыз. Барлық қарым-қатынас коммерциялық және өзара тиімді шарттарда құрылады. Біз екіжақты форматта жұмысты жалғастырамыз", - деді премьер.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Қазақстан, Ресей және Өзбекстанмен газ одағын құруды ұсынғаны хабарланған еді.
Кейінірек Ақорданың баспасөз қызметі "үшжақты газ одағын" құру туралы келіссөздерге қатысты түсініктеме берді. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылды.
Тоқаев пен Путин барлық тараптың мүддесін ескеріп, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды.