Премьер-Министр халал өнімдерін дамытудың жол картасын Үкіметке енгізуді тапсырды

0
762

Әлемдік үрдістерді ескере отырып, халал өнімдері экспортын дамыту қажет.


Премьер-Министр халал өнімдерін дамытудың жол картасын Үкіметке енгізуді тапсырды

ERNUR.KZ. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин халал өнімдері экспортын дамытуды тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әлемдік үрдістерді ескере отырып, халал өнімдері экспортын дамыту қажет. Отандық халал өнімдерінің мұсылман нарығында жоғары бәсекеге қабілеттілігі осы өнімдердің халықаралық талаптарға сәйкестігін бақылау жүйесін дамытуды қажет етеді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы 15 тамызға дейін халал өнімдерін дамыту жөнінде жол картасын Үкіметке енгізуді қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді А. Мамин.

Үкімет отырысы барысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қазіргі уақытта халал өнімдерін өндіруді дамытудың жол картасын келісу аяқталуға жақындағанын атап өтті.