Президент Ақордада Эмомали Рахмонды қарсы алды

0
497

Дәстүрге сай президент резиденциясының залында жоғары деңгейдегі қонақты қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді.


Президент Ақордада Эмомали Рахмонды қарсы алды

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның кездесуі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тоқаев Астанаға мемлекеттік сапармен келген Эмомали Рахмонды Ақордада қарсы алды.
Дәстүрге сай президент резиденциясының залында жоғары деңгейдегі қонақты қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді.
Осыдан кейін президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік Әнұрандарын орындады. Содан соң мемлекет басшылары Қазақстан туына құрметін білдіріп, шағын құрамдағы кездесуге өтті.
Айта кетері, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға мемлекеттік сапармен 3 мамырда келді. Оны Астана әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.