Президент Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

0
1 053

Тоқаев Алматы әкіміне тапсырма берді.


Президент Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы, үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті қала инфрақұрылымының сапасын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті, көлік жүйесін, медицина және білім салаларын дамыту, сондай-ақ, «халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын белсенді түрде жүзеге асыру аса маңызды екенін атап өтті.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы оқу жылына дайындық, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету және шаһарда қордаланған өзекті мәселелерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.