Президент бірқатар әскери сотты таратып, қайта ықшамдады

0
778

Жарлық өз күшіне енді.


Президент бірқатар әскери сотты таратып, қайта ықшамдады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 15 қазандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы гарнизондарының кейбір әскери соттары ықшамдалды, деп жазады Zakon.kz.

Сонымен таратылғандары:

Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты;

Қарағанды облысының Қарағанды гарнизонының әскери соты;

Қостанай облысының Қостанай гарнизонының әскери соты;

Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты;

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты.

Жарлық өз күшіне енді.

Әскери сот таратылғандардың құзіреті кімге жүктелгенін де нақтылады:

- Маңғыстау облысының Ақтау гарнизонының әскери соты Ақтөбе гарнизонының әскери сотына;

- Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты мен Қостанай облысының Қостанай гарнизонының әскери соты Ақмола гарнизонының әскери сотына жатады;

- Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты Алматы гарнизонының әскери сотына;

- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты Семей гарнизонының әскери сотына жатады.