Президент бірқатар заңға қол қойды

0
794

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Президент бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Президент қолданыстағы заңнаманы қабылданған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.