Президент Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады

0
583

Алдағы уақытта еліміздің рухани-мəдени саласын өркендетуге мол үлес қосып, білімің мен кəсіби біліктілігіңді жетілдіре беретініңе сенім артамын, деді мемлекет басшысы.


Президент Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова Димаш Құдайбергенге Президенттің құттықтау хатын табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мəдениет жəне спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал əнші Димаш Құдайбергенді қабылдап, туған күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.
"Құрметті Димаш! Жас кезіңнен өнер жолын таңдап, үздіксіз еңбектің нəтижесінде үлкен белестерді бағындыра білдің. Алдымен республикалық, кейін халықаралық байқауларда дара шықтың. Əн арқылы ұлттық құндылықтарымызды дəріптеп, қазақтың тілін, қоңыр домбырасын, ізгі дəстүрлерін əлемге танытып келесің.
Алдағы уақытта еліміздің рухани-мəдени саласын өркендетуге мол үлес қосып, білімің мен кəсіби біліктілігіңді жетілдіре беретініңе сенім артамын.
Өзіңе денсаулық, жаңа табыстар тілеймін!", - деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында.