Президент екі министрлікте кадрлық ауыс-түйіс жасады

0
810

Тоқаев ІІМ мен ҰЭМ-де жаңа кадрлық тағайындаулар жасады.


Президент екі министрлікте кадрлық ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ мен ҰЭМ-де жаңа кадрлық тағайындаулар жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары мен ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысын тағайындады.

Мемлекет басшысының өкімімен Арыстанғани Заппаров Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ал Арман Жұмабеков Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болды.