Президент электр қуатының бағасын төмендетуді тапсырды

0
1 074

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа электр қуатының бағасын төмендетуді тапсырды.


Президент электр қуатының бағасын төмендетуді тапсырды

«Біріңғай сатып алушы моделін енгізіп, аймақтардағы электр таратушы компанияларды ірілендіру жоспарланды. Энергетика министрі бұл жақсы нәтижеге – тұтынушылар үшін электр қуаты бағасының төмендеуіне әкеледі, деп баяндаған. Бірақ, ол болған жоқ», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. .

Өз кезегінде энергетика министрі Қанат Бозымбаев қуат нарығындағы біріңғай сатып алушының анықталғанын жеткізді.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан қуат нарығын іске қосу үшін бар жұмыс 2017 жылы дайындалып қойған. Біріңғай сатып алушы ретінде «КЕГОК» АҚ-ның есеп-қаржылық орталығы алынды. Биылғы жылы тұтас ел аумағында екі рет сынақ өткіземіз. 2019 жылы ел аумағындағы жүйе еш кедергісіз нарыққа енуі үшін соны іс жүзінде байқаймыз» , -деді министр

Қанат Бозымбаев электр таратушы ұйымдарды ірілендіру механизмі де айқындалып қойғанын айтты. Министрдің сөзінше, электр таратушы мекемелердің саны 160 тан 110 ға дейін 30 %-ға азайып, бұл шара электр қуатын таратуға кететін шығынды оңтайландырады.

«Сен жақсы баяндадың. Бірақ, нәтижесінде аймақтардың арасындағы тариф айырмашылығы реттеліп, тұтынушыға жететін электр қуатының бағасы төмендеуі керек»,- деп түйіндеді Елбасы