Президент Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

0
1 381

Мемлекет басшысы энергетика министріне тапсырма берді.


Президент Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша министрліктің жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президентіне жанармай нарығының тұрақты жағдайы, мұнай-газ секторының дамуы, мұнай өңдеу зауыттарының ахуалы және энергетика саласына тартылатын инвестициялардың оң қарқыны туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы энергетика саласының дамуына оң баға беріп, аталған бағыттағы жұмысты жандандыра беру жөнінде тапсырма берді.