Президент Есеп комитетінің төрайымын қабылдады

0
528

Наталья Годунова Президентке 583 миллиард теңге қаржыны тиімді пайдалану туралы айтты.


Президент Есеп комитетінің төрайымын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Есеп комитетінің төрайымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың алдын-ала қорытындылары жөнінде баяндады.

Наталья Годунова Президентке үш жылға бөлінген 583 миллиард теңге қаржыны тиімді пайдалану туралы Есеп комитетінің Үкіметке жасаған ұсынысы жөнінде айтты.

Аталған қаражаттың 283 миллиард теңгесі 2020 жылы игеріледі. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берді.