Президент ғылым мәселелеріне қатысты заңға қол қойды

0
1 775

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Президент ғылым мәселелеріне қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы ғылым мәселелеріне қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.



Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.