Президент Қазақстан Жазушылар одағына екі жеңіл көлік сыйлады

0
1 422

Әкесінің әріптестеріне деген құрметі осылай болса керек.


Президент Қазақстан Жазушылар одағына екі жеңіл көлік сыйлады

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағына қос темір тұлпар сыйға тартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ақын Жанарбек Әшімжан Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағына, қаламгерлер игілігіне қос бірдей темір тұлпар сыйлады. Детектив жанрының негізін қалаған аяулы әкесінің әріптестеріне деген құрметі осылай болса керек. Құтты болсын", - деді ол.