Президент қазақстандық оқушыларды Білім күнімен құттықтады

0
1 317

Тоқаев бұл туралы өзінің Twitter парақшасында жариялады.


Президент қазақстандық оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан оқушылары мен олардың ата-аналарын Білім күнімен құттықтады деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын! Жаңа оқу жылы оқушыларымыз бен студенттеріміз үшін жетістіктерге толы болсын. Цифрландыру заманындағы озық білім мен дағды – жастарымыздың жарқын келешегінің кепілі. Ұстаздардың игі қызметтеріне табыс тілеймін" , - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.