Президент қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

0
2 140


Президент қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауын өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз»,-деп жазды ҚР Президенті.