​Президент Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады

0
993

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында рухани мұраны сақтауға үлес қосып келесіздер - Мемлекет басшысы.


​Президент Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер шығармашылық жетістіктеріңізбен Қазақстанның атын дәріптеп, ұлттың өнегелі мәдениетін қалыптастыруға, "Рухани жаңғыру" бағд. аясында рухани мұраны сақтауға үлес қосып келесіздер. Шабыт және табыс тілеймін!", - деп жазды Тоқаев.