Президент: Халқымыз тағы да қиын сәтте жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті

0
1 196

Мемлекет басшысы қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған тұрғындарға алғыс айтты.


Президент: Халқымыз тағы да қиын сәтте жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апаты кезінде құтқарушыларға көмек көрсеткен ауыл тұрғындары мен донор болуға атсалысқан алматылықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы президент өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.

"Қиын сәтте құтқарушыларға көмек қолын созған Алматы облысы Гүлдала ауылының тұрғындарына алғыс айтамын. Олар тамақ дайындап, ыстық шай таратты. Алматылық донорларға көп рақмет. Халқымыз тағы да қиын сәтте ауызбіршілігін, әрқашан жәрдем беруге әзір тұратындарын көрсетті", - деп жазады мемлекет басшысы.


Айта кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлап, 12 адам қаза тапқан еді. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды.