Президент халықтың жаппай Нұр-Сұлтанға көшуін тоқтату керек екенін айтты

0
732

Нұр-Сұлтан тұрғындары санының тиісті бақылаусыз жыл сайын көбейе беретіні қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына салмақ салады.


Президент халықтың жаппай Нұр-Сұлтанға көшуін тоқтату керек екенін айтты

ERNUR.KZ. Ішкі миграциялық үрдістерді қадағалауды күшейту қажет, бұлай жалғаса бергені болмайды, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте, деп жазады zakon.kz.

"Халықтың жыл сайынғы өсуі, ішкі көші-қон процестерін тиісті бақылаудың болмауы қаланың әлеуметтік инфрақұрылымына, ең алдымен медицина мен білім саласына түсетін салмақты арттырады. Бізге ішкі көші-қон процестерін бақылауды күшейту керек. Бұлай жалғаса бергені болмайды" - деді Тоқаев.
"Әрине, қуанып жатамыз, қаламызда халық саны миллионға жетті деп жар саламыз, бірақ әбрір қаланың жаңа тұрғындарын немен, қалай қамтамасыз етеміз дегенді ойламаймыз. Оларды қамтамасыз ету керек. Бұл біздің міндетіміз. Біз бүкіл ел бойынша көші-қон үрдісінің жөнсіз кетуіне жол бере алмаймыз" - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, қалалардың көшіп келген жаңа тұрғындарын қамтамасыз ету – әкімдік пен құқық қорғау органдарының міндеті.

"Еліміздің басқа аймақтарынан көшіп келіп жатқан әлеуметтік осал топтардың өкілдері мұнда келіп тіркеліп, баспана кезегінде тұр. Бұл кезек санын көбейтеді. Оның ішінде балабақшалар мен мектептерде. Не болып жатыр қазір? Жойқын әлеуметтік шиеленіс болып тұр. Білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығы мәселесі әлі шешілген жоқ" - деп қорытындылады Тоқаев.