Президент «Мен қазақпын» челленджін қолдады

0
1 174

Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше челлендж бастау алды.


Президент «Мен қазақпын» челленджін қолдады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен қазақпын» патриоттық әнін орындайтын челленджді қолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің twitter парақшасында жазды.

«Өте жақсы бастама! Қолдаймын! Бұл ән халықтың рухын көтеріп, патриотизмді арттыру үшін кең ауқымда дәріптелсе орынды болар еді. Осындай дүниелер елді бірлікке шақырады», - деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.


Еске салсақ, Павлодар қаласының орта мектептері арасында еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай ерекше челлендж бастаған.

Әлеуметтік желіде жарияланғанына тәулік болмаса да бұл видеоны 10 мыңнан астам адам тамашалап, оның 400-ден астамы лүпіл басқан. Бөліскен адамдардың қатары 600-ге жуықтайды.