Президент Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

0
385

Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы тығыз.


Президент Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады, деп жазады Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы тығыз. Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатына қатысады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.