Президент Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілейтін заңға қол қойды

0
571

25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып белгіленді.


Президент Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілейтін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кинематография, мәдениет және мерекелер мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Сенат депутаттары түзетулер пакетін, оның ішінде 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы норманы қолдаған болатын.