Президент сайлауы: Тағы бір үміткер өз құжатын тапсырды

0
566

Хайролла Ғабжалилов Қарақалпақстанда дүниеге келген.


Президент сайлауы: Тағы бір үміткер өз құжатын тапсырды

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясына «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінен Хайролла Ғабжалилов құжат тапсырған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«2022 жылғы 11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Хайролла Мағауияұлы Ғабжалиловтің «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттар қабылданды», - деп хабарлады ОСК.

Ғабжалилов Қазақстанның төл ұлттық валютасы - теңгенің авторларының бірі.