Президент сайлауына ЕҚЫҰ-нан 300-ден астам бақылаушы келеді

0
315

Кезектен тыс президенттік сайлауды бақылау үшін ОБСЕ ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы 330 өкілін жібереді.


Президент сайлауына ЕҚЫҰ-нан 300-ден астам бақылаушы келеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының сайлауды бақылау миссиясының басшысы Уршула Гацектің кездесуінде мәлім болды, деп жазады inbusiness.kz.

Нұрлан Әбдіров саяси науқанды бақылау үшін 30 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді бақылаушыдан тұратын делегацияны жіберу туралы шешімі үшін ұйым өкіліне алғысын білдірді. Орталық сайлау комитетінің басшысы миссия мүшелерін сайлау науқанының негізгі кезеңдерінің ерекшеліктерімен таныстырды, сондай-ақ қазіргі уақытта кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталып жатқанын атап өтті.