Президент Шөкеев пен Досаевқа "үй тапсырмасын" берді

0
1 071

"Екеуіңе онда үй тапсырмасы. 100 пайыз қамтамасыз ету мүмкін еместігін түсінемін, бірақ ұйымдастырушылық болу керек".


Президент Шөкеев пен Досаевқа

фото:© Sputnik / Владимир Песня

Read more: https://sputniknews.kz/economy/20180405/5182034.html

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрдің орынбасарлары Ерболат Досаев және Өмірзақ Шөкеевке "үй тапсырмасын" берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен талай рет айттым (Досаевқа қарап – автор ескертп.), экономика бойынша сен де мұны ескеріп, қарауың керек. Біз әлі де көп азық-түлікті, ет, шұжық, көкөніс пен жемісті сырттан тасимыз. Мұның бәрі өзімізде бар. Мүмкін, нанды да сырттан әкеліп жүрген шығармыз (Шөкеевке қарап – автор ескертп.)? Екеуіңе онда үй тапсырмасы. 100 пайыз қамтамасыз ету мүмкін еместігін түсінемін, бірақ ұйымдастырушылық болу керек", — деді президент Астананы одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңесте.