Президент тапсырмасын орындауға қазынадан қосымша 2 трлн теңге бөлінеді

0
390

Республикалық бюджеттің шығысы 22,5 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр.


Президент тапсырмасын орындауға қазынадан қосымша 2 трлн теңге бөлінеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Ол биылғы республикалық бюджетке тоқталды.

Бюджет түсімдері 1,5 трлн теңгеге ұлғая отырып, 19,3 трлн теңгені құрайды.

Тапшылық ішкі жалпы өнімге шаққанда 2,7 пайыз деңгейінде сақталды. Республикалық бюджеттің шығысы 22,5 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр. Жалпы шығыстың қосымша ұлғаюы 2,2 трлн теңгені көрсетті және келесі басым бағыттарды қамтиды. Біріншіден, Мемлекет басшысының Жолдауы мен Сайлауалды бағдарламасы аясында айтылған бастамаларды, сондай-ақ өңірлерге жұмыс сапарлары кезінде берілген тапсырмаларды іске асыруға қосымша 2 трлн теңге бөлінеді. Бұл – өңірлерді қолдауға, ауыл шаруашылығын, көлік инфрақұрылымын және өңдеуші өнеркәсіпті одан әрі дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік саланың жекелеген бағыттарына көзделген шығыс, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр аталған бағытта қандай істер атқарылатынын айтты.

Жылумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау, электр энергетикасын дамытуға – 144 млрд теңге; қорғаныс және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету, оның ішінде өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге, азаматтық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 126 млрд теңге; тұрғын үй сатып алу үшін қарыздар мен тұрғын үй жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар беруге 92 млрд теңге көзделеді, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Сенаттың жалпы отырысында биыл республикалық бюджеттің шығысы 22,5 трлн теңгеге жететінін айтты.